0:00 / 0:00
Қазақ эстрадасында фонограммаға шектеу қоятын заң жобасы Президенттіңқол қоюына жолданды. Жарнамалық өнімдер және кассалар жанында міндетті түрде фонограмманы пайдалану бойынша хабарлама берілетін болды. Енді көрермен өзі таңдау жасай алады. Фонограммамен айтатын концертке бара ма, әлде жанды дауысты таңдай ма? Парламент Сенаты мәдениет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды қабылдады.
Осылайша киелі сахнаға шығып алып, аузын жыбырлатып ән айтып тұратын әншілердің қатары азаятын болды. Өнер нағыз талантты қажет ететінін қазақ эстрадасының жұлдыздары түсінетін кез келді дейді депутаттар. Фонограммамен ән айтуға шектеу қойылды. Енді қандай да бір әнші концерт өткізетін болса, жарнамалар және кассалар жанында міндетті түрде концертте фонограмманы пайдаланатыны туралы хабарлама берілетін болады. Бұл билет құнына да әсер етпек. Ал көрермен сүйікті әншісінің фонограммен айтқан коцерт таңдай ма, әлде жанды дауысты қалай ма өзі шешеді. Мәдениет министрі Райымқұлова ханымның айтуынша, заң жобасына әншілердің сахнадағы этикасына қатысты норма енгізілген.
Не керек сахнаға шығып алып әдепсіз қылық көрсетіп жүрген әншілерді заңмен тәрбиелеуге тура келіп отыр.
Алайда, осы заңға қарсылық білдіріп отырғандар бар. Тіпті ішімдік ішіп алып сахнаға шығатындар да болады. Кейбір продюсерлер әртістер батылдық үшін ішімдіктен ұрттап қоятынын айтады. Дегенмен көпке топырақ шашпаймыз. Өнерліге есік ашық демекші, халықтың қошеметіне бөленіп, сахнаның киесін құрметтеп жүрген жұлдыздарымыз да баршылық.