Қазір жүйіткіген темір тұлпардың алуан түрі бар. Автокөліктің кез-келген түрін қалтадағы қаражат пен техникалық жағдайына қарай таңдасаңыз болғаны. Жаңа темір тұлпарлардың бағасы шарықтап тұрғаны жасырын емес. Жыл санап, көліктің бағасы да қымбаттауда. Сондықтан да шығар нарықта қолданылған көлікке деген сұраныс басым. Осындай көліктерді таңдауда "EURASIA MOTOR URALSK" орталығы көмекке келмек.
Мамандар бұрын пайдаланылып, енді саттыққа қойылып отырған көлікті жіті тексеріп алады. Ең алдымен құжаттарын тексереді. Кейін темір тұлпардың темір-терсегін қарап, бұзылған, алмастыру керек бөлшектерін ауыстырып, жуып-шайып жаңа сатып алушыға тыңғылықты дайындайды. Осы автокөліктерді несиеге 5 жылға дейін рәсімдеп, сатып алуға болады.
"EURASIA MOTOR URALSK" орталығы автокөлік жүргізушілеріне газ тарату механизмінің белдігін небары 9999 теңгеге алмастырып, кондиционерді 12000 теңгеге толтыруға болатынын хабарлайды. Жақсы күтіп ұсталған көлікті тізгіндеп, мамандарға қояр сұрақтарыңыз болса Шолохов 3б мекенжайында орналасқан "EURASIA MOTOR URALSK" орталығына жолыға аласыздар! Аталмыш орталық "Алтын Алма" базарына қарама-қарсы орналасқан. Мамандар демалыссыз және үзіліссіз сіздердің сауалдарыңызға жауап беруге дайын. Немесе 8771 731 04 04 нөміріне хабарласуға болады.