0:00 / 0:00
Ұрланған автокөлік бөлшектерін сатуға тиым салу мақсатында, енді автобазарлардағы сауда қатаң бақылауға алынады. Ескі автобөлшектерді сатуға қою үшін міндетті түрде көліктің техникалық құжаты болуы тиіс. Онсыз саудаға шығара алмайды. Бүгін Парламент мәжілісінің онлайн жалпы отырысында автокөлік бөлшектері тек арнайы дүкендерде сатылуы тиіс деген ұйғарымға келді. Бүгін осы мәселені қамтыған заң қаралды. Ал заң талабына сәйкес, заң бұзушылық тіркелсе, айыппұл салынатын болады.
Автокөлік ұрыларын қолға түсіру оңай емес. Бұл орайда полиция қауқарсыз. Себебі, елде ұрланған көліктердің бөлшектерін сататындар бар. Ол автокөлік базарларында орын алған жағдай. Машықтанып алған ұрылар көліктің бөлшектерін бірден шешіп алып, базарға өткізіп жібереді. Авто ұрылардың қолынан көз жұмған әйгілі чемпион Денис Теннің өлімі бүкіл елдің қабырғасын қайыстырған еді. Осылайша, автокөлік бөлшегін ұрлағандардың әрекеті адам өліміне әкеп соққанды. Көліктің айнасын, бейнетіркеуші құралын, тағы да басқа бөлшектерін бірден базарға апарып өткізеді. Ал базарда ол бөлшектердің қайдан келгенін тексеріп жатқан ешкім жоқ. Сатушылардан мұндай мәлімет алу да мүмкін емес. Бар айтатындары Жапонияда, Дубайдан әкелінген бөлшектер деген сылтау көп.
Ерлан Тұрғымбаев – ҚР ІІМ; «Автобөлшектер сатылатын арнайы дүкендерде бақылау күшейтіледі. Автобөлшектерді сатуға тапсырмас бұрын, иесі бөлшек шешілген көліктің техникалық паспортын беруі керек, өзінің жеке куәлігін көрсетуі тиіс. Осылайша базарларда қандай ескі бөлшектер сатылып жатқанын, кім оны сатуға қойғанын білетін боламыз».
Ұрланған автокөлік бөлшектерін сатуға тиым салу мақсатында, енді автобазарлардағы сауда қатаң бақылауға алынады. Ескі автобөлшектерді сатуға қою үшін міндетті түрде көліктің техникалық құжаты болуы тиіс. Онсыз саудаға шығара алмайды. Мәжіліс автокөлік бөлшектері тек арнайы дүкендерде сатылуы тиіс деген ұйғарымға келді. Бүгін осы мәселені қамтыған заң қаралып, оның талабына сәйкес, заң бұзушылық тіркелсе, айыппұл салынатын болады.
Нұрлан Нығматулин – ҚР Парламент мәжілісінің төрағасы; «Бизнесін жүргізсін, бірақ ол базарларда тұрған адамдар заңсыздыққа жол берму керектігін түсінуі керек. Егер бұл автобөлшек ұрланған автокөліктен шешілген бөлшек болса, оны сату ұрланған затты сату деген сөз. Немесе автокөлік апатынан соң, көлік жарамсыз болып, оның бөлшектері сатуға қойылса, полициядан аранйы анықтама болуы тиіс».
Бүгінде Қазақстанда автобөлшектер сататын қара базардың жұмысы қызып тұр. Тәуелсіз автобизнес одағының төрағасы Жәркеновтің айтуынша, автокәсіпкерлік саласындағы монополистер бағаны шарықтатып отырғасын, базарларда заңсыз сауда дамып жатыр. Бәсекенің жоқтығынан, автобөлшектердің түпнұсқасына баға жоғары.Ал қалтасы жұқа тұтынушы үшін, ескі бөлшектерді сатып алған тиімді. Бұл автобазарлардағы контрафактіні ғана емес, ұрланған бөлшектердің сатылуына әкеп соғып отыр.