0:00 / 0:00
Атырауда көпірден Жайыққа секірген бойжеткенді құтқармақ болған полицей Шалқар Ақымғалиев бүгін тірі болса, 25 жасқа толар еді. Қызмет бабында қапыда қаза тапқан тәртіп сақшысын бүгін жергілікті полицейлер еске алып, ата-анасына көңіл айтты. оқиға наурыздың 21-інде болған. Кешкі уақыт 21:52 «102» пультіне белгісіз біреу хабарласып, орталық көпірден өзенге адам секіріп кеткенін хабарлайды. Оқиға орнына дереу Атырау полициясының жеке құрамының кезекші бөлімі жеткен. Патрульдік полиция сержанты Шалқар Ақымғалиев бірінші келіп, ойланбастан суық суға секірген. Өзгенің өмірін құтқармақ ниеттегі сержант өз өмірімен осылайша қош айтысты. Отбасының жалғыз асыраушысы, Ақымғалиев Шалқар Көшкінбайұлы көпбалалы шаңырақта тәрбиеленген. Еңбек өтіліне бес жыл болған. Бүгін ол тірі болса 25 жасқа толар еді. Қамшының қысқа ғана өмірінде ерлікпен құрбан болған батырға әріптестері осылайша құрмет көрсетті. «Қазақтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлының «Адам болу - қасиет, азамат болу - міндет, патриот болу - парыз» деген қанатты сөзі осы орайда еске түседі. Елі мен халқына қалтқысыз еңбек еткен ерен ұл - Шалқар Ақымғалиев мемлекеттік наградаға ұсынылған.