0:00 / 0:00
Жуырда есірткі бизнесімен шұғылданбақ болған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың ісіне нүкте қойылмақ. Украинаның екі азаматы гараждың ішінде есірткі зертханасын жабдықтаған. Айта кеткен жөн, мұндай трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ біздің облысымызда бірінші рет тіркеліп отыр.Бұл іске айыптылар қылмысқа полицейлердің қатысы бар екенін айтқан еді. Осы орайда демалыс күндері БҚО ПД-де брифинг өтіп, сала мамандары аталмыш факті бойынша жағдайдың мән-жайын түсіндірді.Прокурор бұл істің аса ауыр қылмыс екенін жариялап, айыптыларды 22 және 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұраған. Сот залында осы іске қатысы барларға соңғы сөз берілгенде Игорь Дунаевский бұл істе «шикіліктің» бар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, серіктесі екеуі тек тапсырманы орындаушы, ал ұйымдастырушылар мүлде басқа адамдар.Екі сотталушы да бұл істе ол кездейсок екенін айтып, есірткі сату жоспары болмағанын жеткізді.Аты шулы жариялымнан соң БҚО ПД брифинг ұйымдастырып, Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында олардың зертханасынан 30 келіден астам синтетикалық есірткі заттарын, 31 кг дайындау үшін пайдаланылатын реагент тауып, тәркілегенін мәлімдеді.Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың жазында 1965 және 1967 жылы туған Украинаның екі азаматы сату мақсатында облыс аумағында синтетикалық есірткіні, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын жасаумен заңсыз айналысқан. Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен БҚО бойынша ҰҚК департаментінің мамандары бірлесіп, БҚО Теректі ауданының аумағында орналасқан есірткі зертханасының көзін жойды. Қазіргі уақытта айыптылардың үстінен ҚК 297 бабының 3 бөлігі, 264 бабының 1 бөлігі және 301 бабының 1 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалуда. Естеріңізге сала кетеміз, күдікке іліккен шетелдіктер өткен жылы жазда өңірге таңқурай шараушылығын қолға алу мақсатында келген болатын.