0:00 / 0:00
Әлеуметтік желідегі ақпараттан көргеніміздей, елде есірткі саудасы қызып тұр. Соңғы жылдары ескірткіге құмартқандар синтетикалық препараттарды саудалауға көшкен. БҚО-да жыл басынан 823 келі есірткі тәркіленіп, екі фитолаборатория анықталған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға артық. Тамыз айында бас прокуратураның Үйлестіру кеңесі «Нашақорлыққа жол жоқ» жобасын бекітті. Мақсат -есірткінің кеңінен таралуын азайтып, ұлтты, оның ішінде жас ұрпақты сауықтыру. Облыстық прокуратура мен полиция департаменті бірлесіп, рейдтік, спорттық шаралар, флешмоб, дөңгелек үстелдер өткізді. Облыс прокурорының орынбасары Азамат Құспановтың айтуынша, аталмыш жоба өз нәтижесін берді.
АЗАМАТ ҚҰСПАНОВ
ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Сондай-ақ облыста 16 тамыздан бастап «Орал - есірткісіз қала» өңірлік бағдарламасы жүзеге асуда. Жоба екі мақсатта нашақорлықпен күреске қоғамның барлық мүшесін тартуға бағытталған. Саяжай, гараж, тұрғын үй кооперативі бірлестіктерінің төрағалары, жоғары және колледж басшылары, ата-аналар қатыстырылуда. Бүгінгі күні учаскелік полиция қызметкерлерінің нарколог-дәрігерлері мен ювеналды полиция инспекторлары нашақорларды ерте кезеңде анықтау үшін оқытылған.
БАҚЫТ АШҚАРОВ
БҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
АЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВА
ТІЛШІ))