Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ерлер белсіздігі жыл санап артып барады

c 17:44, 27/02/2018 c 1152

0:00 / 0:00

«Бесігіміз бос қалмасын» дейтін халықпыз. Біздің қазақ балалы үйді базарға санап, дүниеге ұрпақ әкелуді, үрім-бұтағын жалғастыруды ең үлкен бақытына балаған. Ұрпақ­сыздықтың кесірін тарт­паған, бедеулікті білмеген ұлты­мыз бүгінде бұл індет­тің шыр­мау­ына шындап шырмалғандай. Десе де, мамандар бедеуліктің белең алуы бізде ғана емес, күллі дүние жүзін­дегі өзекті мәселе дейді. Жас аналар арасында құрсаққа біткен шарананы сақтай алмай, түсік тастау да басым. Бұл ауру, "Белсіздік, бедеулік қайдан шығады?",  "Неден пайда болады?" деген сауалдар әрбіріміздің көкейімізде тұрғаны анық. Заман індетіне айналып бара жатқан мәселенің туындауының бірнеше себебі бар екен.

Бірақ бедеулік мәселесі туындай қалса, оған бірден әйелді кінәлайтындар да жоқ емес. Адам санасы өзгеріп, заман сан құбылса да мұндай сыңаржақ көзқарас әлі жоғалмай тұр. Бірақ статистика бас­қаша сөйлейді. Жергілікті дәрігер қазір ерлердің 30 пайызы осындай дертке ұшырағанын айтады. Бір сұмдығы, ауруға шалдыққандардың көбі - жыныстық байланысты некеге дейін бастағандар.

Қайрат Хабиев, Уролог-андролог дәрігер

Біздің орталықты толықтай диагностика жүргізіледі. Ерлердің белсіздігінің себептерін 95 пайызға анық қарай аламыз. Кейін ем шаралар жасаймыз, Ал ол көмектеспей жатырса ЭКО-ға жібереміз.

Бедеулік пен белсіздік - үкім емес. Дәрігерлер оның себеп-салдарын анықтап, дер кезінде емделудің маңыздылығын алға тартады. Ол үшін сабырлылық пен төзімділік серігіңіз болсын!

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.