0:00 / 0:00
Орал қаласында бір топ ерікті қан тапсырды. Бұл ізгі бастама «МЕН ДОНОРМЫН» атты акцияның аясында ұйымдастырылып отыр. Қазіргі таңда шаһардағы ауруханаларда науқастарға қажет қан қорының тапшылығы байқалады. Оған басты себеп-жол апаттары мен түрлі қайғылы жағдайлардың жиілеуі. Осы шара аясында еріктілер бір тамшы болса да қан тапшылығын азайтуды көздеді.
Игі шараға 30-дан астам ерікті студент жас қатысуда. Донарлар арасында 10 жылдан бері қан тапсырып келген азаматтар да болды. Өзгеге өмір сыйлауға ұмтылған жандардың әрекеті көңілге қуаныш сыйлары анық. Жалпы қан орталығына күніне 30-40 донар келетін көрінеді. Қаңтар айының өзінде орталықта 617 адам қан тапсырыпты.
Қан тапсыру үшін алдымен қан талдауы жасалып, адамның денсаулығы мұқият тексеріледі. Облыстық қан орталығының меңгерушісі Ағайна Ханымның айтуынша, донарлардың жас шамасы 18-60 аралығында. Талдау нәтижесі бойынша көпшілігі донарлық талапқа сай келе бермейтін көрінеді.
Тексерістен өтіп, қан тапсырған жанның бірі-Самал. Ол екі жылдан бері қан тапсырып келеді. Осы жолы да қалыс қалмай, сауапты іске атсалысты.
Мен екі жылдан астам үзбей қан тапсырамын. Алдымен өз денсаулығыма қажет. Қазір жағдайым жақсы. Бұл бастаманы қолдаймын. Менің берген қаным біреуге көмек болар. Қала тұрғындарын қан тапсыруға
Сандарды сөйлетсек, жыл сайын әлем бойынша 100 миллионнан астам адам қан тапсырады. Донорлық қан түрлері көлік апаттарында алған ауыр жарақаттар, хирургиялық процедуралар, босану, анемия, қанның бұзылуы, сонымен қатар қатерлі ісіктен емдеу кезінде қолданылады.