0:00 / 0:00
Осындай жаңашылдық 1-қаңтардан бастап күшіне енген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 811-бабы бойынша қолданысқа шығып отыр. "Айыппұлдар санын қысқартудағы мақсат-әкімшілік өндіріске түсетін құқық бұзушылықты азайту үшін қолға алынып отыр",-дейді мамандар. Айыппұлдың тек тең жартысын төлеп құтылу үшін ереже бұзушы тәртіп сақшысынан хаттама толтыру барысында хаттаманың көшірмесі мен түбіртекті алуы қажет. Ал егер 7 жұмыс күнінің ішінде айып ақының 50%төлеп үлгірмесе, толық өтеуге міндеттеледі. Бұл барлық қоғамдық қауіпсіздік ережелеріне қатысты екенін айта кетейік.