Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕРЕКШЕ ЖАН ПОЙЫЗДА ЖАЗЫМ БОЛА ЖАЗДАДЫ

c 12:57, 21/08 c 33

0:00 / 0:00

65 жастағы Қазбек Иманбаев - І топтағы мүмкіндігі шектеулі жан. 8 тамыз күні жұбайы мен баласы үшеуі Ақтөбеге ем алуға жолға шыққан. "Орал-Ақтөбе" бағытындағы пойыз станциялардың бірінде қатты іркіліп, тоқтаған. Керуетте жатқан Қазбек Иманбаев сол кезде жерге құлап түсіпті. Жағдайы бірден нашарлап, діттеген жерге жету мұңға айналады. Медициналық тексерістен өткен науқасқа қажетті оталар бірнеше сағаттан кейін Орал қаласында жасалыпты. Түсірілім тобымен тілдесуге Қазбек Иманбаевтың адвокаты келді. Ол пойыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған купе талапқа сай келмейтінін айтады.

ҒИНАЯТ САЛЫҚОВ
АДВОКАТ

Адвокаттың айтуынша, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен тарап әділдік орнағанын қалайды. Жауаптылар жазаланып, Қазбек Иманбаевқа материалдық шығын өтелуі тиіс деп санайды.

ҒИНАЯТ САЛЫҚОВ
АДВОКАТ

Істің мән-жайын анықтау мақсатында Орал темір жол вокзалы, жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын мекеме басшыларының есігін қақтық. Табалдырықтан қарсы алған жауаптылар өздері де шешімді тосып отыр екен.

АЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВА
ТІЛШІ

Қазбек Иманбаевтың ауруханада жатқанына 10 күн өтті. «Денсаулығы алаңдатады»,- дейді оған күтім жасап отырған жұбайы. Инсульттен кейін беті енді бері қараған азамат ауру үстіне ауру жамап алды. Ауыр халде жатса да, туыстары әділдік үшін күресті жалғастыра бермек. Бүгін мүгедектер купесінде Қазбек Иманбаев жазым бола жаздаса, келесі жолаушының қауіпсіздігіне ешкім кепілдік бере алмайтындарына көзі жеткендерін айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.