0:00 / 0:00
Оралда қала әкімі Абат Шыныбековтың қатысуымен метан жанар жағар май станциясы ашылды. Станция Деркөл кентінде орналасқан. Қала әкімінің айтуы бойынша, бұл өзге жанар-жағармайлардың орнын алмастырып, халық қолданысына тиімді болмақ. Еуро-5 халықаралық стандартына сай келетін метан газы 83 градус салқындықта қатпайды.Оралда ерекше газ құю станциясы өз жұмысын бастады. Құбыр арқылы келіп жатқан табиғи газ тазартылып, көліктерге құйылады. Жоспар бойынша газ бекеті үздіксіз, демалыссыз жұмыс жасайдф. Әрі шикізат тапшылығы болмайды. Артықшылығы - экологиялық таза, көліктерден зиянды газ бөлінбейді. Әрі қоғамдық көліктердегі жолақы бағасын тұрақты ұстап тұруға септігін тигізеді. Осыған дейін БҚО әкімі Ғали Есқалиев өңірімізде метан жанар жағар май станциясы қызметін бастайтынын мәлімдген болатын. Онда сұйытылған газды қолдану экологиялық және экономикалық жағынан да тиімді болатынын атап өтті. Метан кептіріліп, тазартылып, сығымдалады. Айта кетейік, көліктер мен жолаушы тасымалдаушы автобустарға метанмен жүру үшін арнайы қондырғы қажет. Ал жергілікті әкімдік автопарктердегі қоғамдық көліктерді метан газына ауыстыру жұмысын бастайтын болады.Жоспар бойынша автобустар мен коммуналдық мекеме көліктері метан газымен жүреді. Ал станция күніне жүздеген көлікке қызмет көрсете алады.Сұйытылған газды алдағы уақытта қаламыздың барлық тұрғындары қолдана алады. Жыл соңына дейін тағы да осындай жанар-жағармай бекеті іске қосылады деп жоспарланып отыр. Өңірімізде өнеркәсіптік өндіріс пен автокөліктер санының артуы салдарынан қоршаған ортаның ластануы байқалып отыр. Ал бұл бастама мемлекет басшысыныӊ Қазақстан аумағында "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" трансконтиненталдық автобан бағытында толық инфрақұрылым құру туралы тапсырмасына да сәйкес келеді.