«Дарынды бала» орталығы - талай жылдан бері баласына жеке қолдау іздеп жүрген ата-аналар үшін таптырмас мүмкіндік. Мұнда әр балаға жеке тәсілмен қаралып, кешенді медициналық әрі психологиялық-педагогикалық көмек көрсетіледі. Ең бастысы - баланың толыққанды, белсенді өмір сүруіне жағдай жасалады.
Жазира ҒҰМАРОВА «Дарынды бала» коррекциялық дамыту орталығының жетекшісі
Облыста 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттілігі бар 6 мыңнан астам бала тіркелген. Бұл - жай ғана статистика емес, осынша балаға ата-ана қолдауы мен мемлекет көмегі керек,- деген сөз. Осы орайда мамандар орталық балдырғандардың ой-санасын дамыту жолында үлес қосатынына сенімді.
Мемлекет тарапынан ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қолдау беріледі. Әр балабақшада, мектептерде арнайы сыныптар болады. Дегенмен бқл аздық етуі мүмкін.себебі Әрқайсысы жеке тәсілді, ерекше қолдауды қажет етеді. Мұндай орталықтар - ата-аналар мен мамандарға үлкен көмек.))
Лаура Рамазанова екі баланың анасы. Кішкентай ұлы Әмірге "церебралды сал" ауруы және "аутизм" диагнозы қойылған. Анасының айтуынша, балаларының ойлау және сөйлеу қабілеттерін оятуда мамандар көмегі қажет. Ол енді орталық арқылы енді бұл мүмкіндікке ие болмақ.
Сонымен қатар мамандар қандай бір нәтижиеге жету жолында тынымсыз еңбек пен төзімділіктің қажет екенін де алға тартты.