0:00 / 0:00
Орал қалалық сотында Ерболат Аманғалиевтың ісі қаралды. Сотталған азамат осыдан 4 жыл бұрын Алматыда аса ірі көлемде ақша жымқырды деген айыппен жаза арқалады. 8 жыл бас бостандығынан айырылған сотталушы қылмыстық кодекстің 73 бабы: "Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқартуға" арыз берген еді.
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп, ірі көлемде ақша жымқырды деген айыппен сотталған Ерболат Аманғалиевтың туыстары әлі күнге дейін әділдік іздеп келеді. Оқиға Алматы қаласында болды. Ерболат Аманғалиев "Алматы жылу желілері" мекемесін басқарады. Ол басшылық қызметке келгенде коммуналдық мекеме ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізіп, істі болады. Содан бастап сотталушы азаматтың туыстары бірнеше жылдан бері әділдік іздеп күресіп келеді.
Сотталушы қылмыстық кодекстің 73 бабы: "Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту" бойынша іс Орал қалалық сотында қаралды. Сот процесі әуелі құжаттармен танысумен басталды. Аталған іс бойынша судья Магира Китарова жаза мерзімін өзгеріссіз қалдырып, сотталушыға жеңілдік жасамады.
Магира Китарова, Қалалық соттың судьясы:
-Сот сотталушы Аманғалиев Ерболат Зинеғалиевичтің жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту бойынша өтінішін қанағаттандырмады. Қылмыстық кодекстің 162 бабы, 10 тармағына сәйкес егер сот жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту бойынша өтінішті қанағаттырмаса, тек 6 айдан соң, қайта өтініш беруге болады,-дейді.
Сотта талап-арызы қанағаттанбаған Ерболат Аманғалиевтың тарапы әділдік үшін күресті тоқтатпайтынын мәлімдеді.