0:00 / 0:00
Ал аталмыш тауардың таңбалауында табылған ДНҚ жайлы ешқандай ақпарат жазылмаған. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы мәлімдеді. 2018 жылы атқарған жұмыстарын жіпке тізген басшы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақты деп бағалап отыр.
Күн суытқан шақта азаматтардың басым көпшілігінің денсаулығы сыр беріп, тұмауратып жататыны белгілі.Сол себепті сала мамандары бірінші желтоқсаннан бастап тұмау мен жедел респераторлы аурудың белең алуына байланысты эпидемиялогиялық кезең болып белгілейді. Департамент өкілдері биылғы жылы тұмаудың үш түрі орын алуы мүмкін дегенді айтады. Жұқпалы вирусқа төтеп беруге арнайы екпенің көмегі зор. Мәселен, биылғы облыстық әкімдік есебінен 60 мың тұмауға қарсы екпе сатып алынған. Бүгінгі таңда облыс халқының 10,2 пайызы арнайы екпе салғызыпты. Десек те, баласына мүлдем екпе салдыртуға келісім бермейтін ата-аналар бар.
Сала мамандары облыс көлемінде санитарлық- эпидемиологиялық жағдайды зерттеп, шағын және орта бизнеске залал келтірмеу мақсатында 6 млнға жуық қаражатқа тиісті сынамаларды сатып алған. Олардың дені тағамдар көрінеді. Сатып алынған өнімнің 70 пайыздайы таңбалауға сәйкес келмейтіндігі анықталыпты.
Сала мамандары мереке күндері тамақтан уланбас үшін санитарлық нормаларды естен шығармауға кеңес береді.