0:00 / 0:00
Stopcovid.kz сайты мен «109» нөмірі арқылы ескерткендерді түнде тоқтатпайды. Карантин шектеуіне байланысты сағат 23:00-ден кейін көшедегі автокөліктер қозғалысына тыйым салынғаны белгілі. Бірақ кейбір тұрғын шұғыл шаруа туындауына байланысты көшеге шығуға мəжбүр болатынын, өз көлігімен еркін жүре алмайтынын айтып облыс əкіміне шағымданған. Бұл сауалға облыстық әкімдікте онлайн режимінде өткен жауап берген БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жəне архивтер басқармасының басшысы Сəкен Нұртазаев, көктемгі ТЖ кезіндегідей тұрғындар енді stopcovid.kz сайтына тіркеліп, ЖСН арқылы көшеге шығу себебін, баратын мекенжайын көрсетуіне болады. Бейнебайланыс арқылы өткен өңірлік жедел штаб отырысында облыс əкімі Ғали Есқалиевқа денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов стационарларға ауадай қажет болып отырған медициналық мамандар ЖОО мен колледждер түлектері есебінен толығып жатқанын айтты.Орал қаласының əкімі Абат Шыныбеков облыс басшысының тапсырмасына сəйкес 20 мониторинг тобы карантин режиміндегі тəртіптің сақталуын бақылауды күшейткенін баяндады. Мониторинг жұмысы нəтижесінде 8 заңды тұлғаға, 74 тұрғынға байланысты əкімшілік іс материалдары сотқа жолданған.Қала əкімі тамыз айының алғашқы онкүндігінде Зашаған кентіндегі мамандандырылған ХҚКО қасынан тағы бір көтерме сауда орнын ашуға дайындық жүргізілетінін айтты. Облыс əкімі Ғали Есқалиев бұл ұсынысты құптап, Теректі ауданы əкіміне қалаға жақын орналасқан Подстепный ауылынан санитарлық талапқа сай көтерме сауда орнын ашуды тапсырды. Бұл амал қала базарларына келетіндер қарасын азайтып, тəртіпті нығайтуға көмектесуі тиіс.Өңірлік штаб отырысында облыстағы бас мемлекеттік санитарлық дəрігер Мұхамғали Арыспаев карантин режимін бұзғандарға 171 əкімшілік хаттама толтырылып, 11 миллион теңге айыппұл салынғанын айтты. Шаштараз, сауна, мейрамхана секілді кəсіпкерлік нысандарына қатысты 17 заңбұзушылық анықталып, жеке кəсіпкерлерге 3 миллион теңгеден астап айыппұл төлеу міндеттелген. Түнде бейсауат жүрген 131 адам жазаға тартылған. Шілденің 5-інен бері 12 үйлену тойы өткізілгені анықталдған. Жиынды қортындылаған өңір басшысы Ғали Есқалиев мониторинг тобының жұмысын күшейтетін боламыз. Тойды кейін де өткізіп үлгеруге болады. Бəріміз карантин талабын мұқият сақтауымыз керек. Көп адам қатысып жатқан іс-шараларға куə болғандар «109» нөміріне заңбұзушылық туралы шұғыл хабарлауға болады. Коронавирус – қатерлі індет. Көпшілік жиналған жерде вирус адамдарға тез жұғады, – деді облыс əкімі Ғали Есқалиев.Батыс Қазақстан облысына 29 сəуір мен 22 шілде аралығында жеті лек гуманитарлық көмек жеткен. Эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға Қытай, Үндістан, Пəкістан, Түркия, Жапония, Біріккен Араб əмірлігі қол ұшын созса, 3 халықаралық компания, 8 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 2 жеке қор демеу көрсеткен. Бас-аяғы 26 демеуші тараптан 7434 медициналық қорғаныс костюмы, 85 042 маска, 70 ультрақызыл термометр, 160 оттегі концентраторы, 400 пульсоксиметр, 200 респиратор, 78 395 бума 35 түрлі дəрі-дəрмек жəне санитайзер мен дезинфекциялық заттар облысқа жеткізілген.