Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЭНЕРГО НЫСАНДАРЫНЫҢ 70 ПАЙЫЗЫ ТОЗҒАН»

c 10:07, 31/05/2023 c 174

0:00 / 0:00

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев тәуекелді аймақтағы барлық энерго нысандарды аралап шығатынын айтты. Үкіметтің дәлізінде берген сұқбатында министр елдегі энерго таратып отырған нысандардың 70 пайызы тозған деді. Оның айтуынша, жылу беру мерзіміндегі басты проблема- электр энергиясының тапшылығы болып отыр.

Өздеріңізге мәлім, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет меншігіндегі энерго нысандарды жөндеуге қаржыны бюджет қаражатынан қарастыруды айтқан болатын. Ал жекеменшік нысандар өз қаражатына жаңартуы керек дегенді. Жылу электр орталықтарынан басқа, жылу желісі де тозған. 1,5 мың шақырымды құрайтын желінің 75 пайызы . Үкіметтің алдында алдағы үш жылда бұл мәселені толығымен шешу жұмысы тұр. Бұған 528 миллиард теңге қажет екенін Президент айтқан болатын. Тоқаевтың сынынан кейін энергетика министрлігі аудит жүргізді. Нәтижесінде елдегі энергокөздерінің 70 пайызы тозғаны мәлім болып отыр.

Энергетиктердің айтуынша, Екібастұзда орын алған төтенше жағдай бұл саланың қаншалықты құрдымға кеткенін көрсетті. Ең алдымен қазандықтар істен шығып жатады. Жылу беру желісі әбден тозған. Уақытын ауыстырып, жөндеу жүргізілмеген. Сол Кеңес дәуірінен қалған желі әупірімдеп жұмыс істеп тұрды. Енді бұл салаға қазынадан қыруар қаржы салуға тура келеді. «Самұрық-Қазына» қоры болса Екібастұздағы ГРЭС-1,ГРЭС-2 жобаларын жүзеге асыру жұмысын кенжелетіп жатыр. Аудит жүргізген комиссия 19 жылу электр санцияларының тиісті деңгейде жұмыс істемей тұрғанын анықтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.