0:00 / 0:00
Қоғамдық орындарда қала тұрғындары мен қонақтарының мазасын алып, алақан жайып, пайда тапқан бұзақылар ҚР ӘҚБҚ-нің 449 бабымен жазаланатын болады. Баршамызғада белгілі, 2015-жылдың 1-қаңтарынан бастап ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне бірнеше өзгерістер енгізілген болатын. Солардың бірі адамның артынан қалмай, берекетін қашырып, өз қызметтерін ұсынған тұлғалар 5 айлық есептік көрсеткіште жазаланатын болады. Оларға бал ашу, қайыр сұрау немесе жыныстық қызмет көрсету сынды қызметтер кіреді. Мысалға, Евгений Сергеевич зинетке шықпастан бұрын жолаушы тасымалымен айналысқан. Кейін өміріндегі кейбір қиыншылықтарға тап болып, қазіргі таңда осындай кейіпке душар болыпты. Кейіпкеріміздің айтуынша, ол ай сайын 11 мың теңге көлемінде ғана зейнет ақы алатын көрінеді. Сондықтанда қайыр сұрауға мәжбүр. Айта кетейік, "Қайыршы" жедел-алдын алу іс шарасы барысында 170 тұлғаға ҚР ӘҚБК-нің 449 бабы бойынша айыппұл салынып, қазіргі таңда оның бағамы 1 млн 337 мың 850 теңгені құраған. Енді бұл айыппұлдарды өндіруде түрлі шаралар орындалмақ. /p>