0:00 / 0:00
Тіпті, кәдуілгі қала ішінде қатынайтын такси жүргізушілері де арнайы орындықтар мен құралдарды көліктің жүк салғышында үнемі бірге алып жүруі тиіс.
Бұл жаңа «Жол жүру ережесі» туралы заң елімізде 1 -қаңтардан бастап күшіне енді. Бірақ, соған қарамастан қоғамымызда көптеген жүргізушілірге қолайсыздық тудырып отыр.
Жаңа заң бойынша, енді көлік салонында қанша бала отырса, сонша автоорындық болуы шарт. Сәбиден бастап он екі жасқа дейінгі жеткіншек көліктің артқы орындығына жайғасса да, арнайы креслода, белбеу тағып отыруға тиіс.Бұл міндеттер орындалмаған жағдайды, жүргізушіге 10 мың теңге айыппұл салынады. Бұл жаңа заңның негізгі мақсаты - бірінші кезекте, еліміздегі жол апатының санын азайту болса,екінші жағынан, балаларды ұстап тұратын орындықтарды пайдалану жолаушы-балалардың арасында жазатайым жағдайларды төмендетпек - дейді өңір полейцейлері.
Иә, көліктегі балаларға арналған арнайы кресло жолда орын алар келеңсіз жағдайларды шынымен азайтатын шығар, "сақтансаң сақтаймын - деген". Бірақ, бұл , жолаушыларды тасымалдаумен күнделікті нанын тауып жүрген көлік жүргізушілеріне қатты әсерін тигізіп отыр. Өйткені, олар көлік салонында қанша бала отырса, сонша орындықтың болуы шарт - деген сөзге түбегейлі қарсы. Көлікте балалардан өзге, ересектерде болады. Сонда жол үстінде орындықтарының бірнешесін қайда қаямыз. Әрі олардың бағасы 20 мың теңгеден басталады - деген өкпе-назын айтады. Бұл заңнының бекігеніне ұзақ уақыт бола қоймаса да, ауылдан қалаға қарай қатынайтын тұрғындар аталған заңға түсінбеушілік танытып, теларанамызға шағымданып жатқандар да аз болмады. Балар орындығы- қалтаның қамы емес, ең алдымен адамның өмірі, балалардың қауіпсіздігі - бола тұрса да, заң әзірге қолдау тауып жатқаны шамалы.