0:00 / 0:00
Майра Аманғалиева есімді Орал қаласының тұрғыны өзінің балконында қияр мен қызанақ өсіріп отыр. Көпқабатты тұрғын үйде кәдімгі көкөніс өнімін күтіп-баптауды қолға алған бағбан бұл тәжірбиесін 2 жыл бұрын бастаған.
Майра Аманғалиева көп жылдан бері гүл өсірумен айналысады. Ол осыдан екі жыл бұрын балконында қияр мен қызанақ өсіруді қолға алып, бүгінде шағын бақтан өнім жинап отыр. Кейіпкеріміз алғашында қиярдың тұқымын алып, ол дұрыс өнім бермегенін еске алады. Биыл аталмыш кәсіппен шұғылданып, бағбан төрт түптен өнім алып, жаңа піскен көкөністі тұтынып отыр.
Жалпы оралдық бағбандар жылыжайлардағы жұмысын бастапты. Шаһар аумағында жаңа піскен көкөністі өсірумен 8 компания айналысады.
Кәсіпкерлер өсірген өнімдерін жергілікті сауда нүктелеріне саудалайды. Бағбандар жаңа піскен өнімді келер маусым айында жинамақшы.