0:00 / 0:00
Жалақыны уақытында бермеген жұмыс берушілерге айыппұл салынады.Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Осыған орай, еңбек қауіпсіздігін қамту мәселесі, жұмыс берушілерге талап күшейтіліп отыр. Сондай-ақ науқас туысына күтім жасау үшін толық емес жұмыс күніне көшуге рұқсат етілуі мүмкін. Бұдан басқа, енді жұмыскер әскерге шақырылған кезде еңбек шарты тоқатылмайтын болады. Жұмыскер әскерден қайтып келгеннен кейін бір айдың ішінде өз жұмысына кірісе алады.
Еңбек заңнамасы айтарлықтай өзгерді. Бұл халықаралық еңбек ұйымының талаптары болғандықтан, құзырлы орган жұмысшының құқығына басымдық жасалған жобаны ұсындық дейді. Соның бірі – науқас жақынын күтіп-бағып отырған азаматқа толық емес жұмыс күнін ұсыну көзделген.
Министрдің айтуынша, отбасы мүшелері ретінде күйеуі немесе әйелі, балалары, ата-анасы қаралып отыр. Сондай-ақ, заң жобасы еңбек қатынастарын, әлеуметтік серіктестікті, қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелерін реттеуге бағытталған. Бұл орайда депутаттар еңбек заңы жиі бұзылатынын айтты. Әсіресе жұмысшылардың жалақысын айлап ұстап, уақытылы төлемейтін деректер көп. Бұл жағдайда, мәжілісмендер жалақыны уақытында төлемген жұмыс берушілердің қалтасын айыппұлмен қағуды ұсынды.
Мәжілісте бірінші оқылымда қаралған заң жобасында еңбек қауіпсіздігіне де басымдық жасалып отыр. Еліміздің еңбек нарығында 300 мың адам жұмыс істейді. Ал жыл сайын мыңдаған адам жұмыс барысында жарақат алып, мүгедек болып қалады. Ағымдағы жылы өндірістік жарақат алған жұмысшылар саны 1069 адамды құрап отыр. Қайтыс болғандар саны 120-дан асып жығылады. Құжатта өндірістік жарақаттардың алдын-алу шаралары қарастырылған.