0:00 / 0:00
Мемлекеттік еңбек патенті халыққа қызмет көрсету орталығына берілмек. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің көші-қон комитетінің төрағасы Марат Қабденов мәлімдеді. Жаңа ереже полиция қызметкерлері мен қызмет алушылардың қарым-қатынасын шектеуге бағытталған.
Еңбек мигранттары барлық елде бар. Өзге елден табыс табуға келген жандардың көбі тіркелмей, заңсыз қызмет жасауға мәжбүр. Шетелдік азаматтың ел ішінде ресми түрде жұмыс жасауға рұқсатының болмауының кесірінен Отанына депортациялануы мүмкін. Енді ішкі істер министрлігі шетелдік азаматтардың тез, әрі жылдам құжат рәсімдеуі үшін бірқатар жаңашылдықтарды енгізбек.
Жалпы еңбек мигранттарына 1 жылға дейін жұмыс жасауға және құжаттың мерзімін ұзартуға болады. Ресей, Беларусь, Қырғыстан мен Армения азаматтары біздің елде жұмыс жасап жатса, оладың туған-туысы осы келісім бойынша еңбек мигранты бола алады. Анастасия Хан есімді ару да әзірге мигрант. Нәзік жанды- Өзбекстанның азаматы. Ол Санкт-Петербургте оқып, Орал қаласында жұмыс жасағысы келеді.
Заңнамаға сәйкес бір азамат бес еңбек мигрантын жұмысқа қабылдай алады.
Қазіргі таңда шетелдік 1299 адамға БҚО-да жұмыс жасау үшін рұқсат берілген. Ал 1869 мигранттың өтініш мерзімін ұзартыпты. Еңбек мигранттары көбіне Өзбекстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Грузия, Молдова мен Украинадан келеді. 56 шетелдік азамат елден қуылған.