Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Еңбек қауіпсіздігі

c 19:41, 06/12/2019 c 745

0:00 / 0:00

Қазақстанның еңбек нарығында еңбек қауіпсіздігін сақтап, жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру қажет. Өндірістік жарақат алуды қысқарту жолдарын қарастыру керек. Еңбек қауіпсіздігі мәселесі бүгін елордада өткен Кәсіподақтар федерациясының еңбекті қорғау жөніндегі инспекторларының республикалық форумында талқыланды. Тек ағымдағы 1069 адам жұмыс орнында жарақат алды. Толығырақ тілші репортажынан.

Еліміздің еңбек нарығында 300 мың адам жұмыс істейді. Ал жыл сайын мыңдаған адам жұмыс барысында жарақат алып, мүгедек болып қалады.  Ағымдағы жылы өндірістік жарақат алған жұмысшылар саны 1069 адамды құрап отыр. Қайтыс болғандар саны 120-дан асып жығылады. Еңбек қауіпсіздігін қорғайтын ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл көрсеткіш был 13 пайызға азайған.

Бейбіт өмірде құрылыста, кен өндіру кәсіпорындарында өндірістік жарақат алып, өмірімен қоштасып жатқандар бар. Зиянды жағдайда жұмыс істейтін жұмысшылар санын азайту әлі де шешімін таппай отыр дейді форумға жиналғандар. Енді жұмыс берушілерге қатысты еңбек заңнамасындағы талаптарды күшейту қолға алынбақшы.

Еңбек заңнамасының бұзылуы, жұмыс беруші тарапынан қауіпсіздік шарасын қамтымау деректері орын алуда. Ал оны тексеретін еңбек инспекторларының жұмысы көп, саны аз. Бүгінде елімізде 268 мемлекеттік еңбек инспекторы қызмет етеді. Ал кәсіподақтар құрамында 18 мыңнан аса техникалық еңбек инспекторы бар, бірақ олардың өкілеттілігі шектеулі.

Жұмыс орнында жазатайым оқиғалардан сақтану үшін, дене шынықтыру жаттығуларын жасау керек дейді кәсіподақ өкілдері.

Осылайша форумға қатысушылар еңбек қауіпсіздігін сақтауға қатысты ұсыныстарын үкіметке ұсынып, тиісті заңға енгізетін болып шешті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.