Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Еңбек етсең ерінбей...

c 20:08, 09/12/2019 c 975

0:00 / 0:00

Жаңа жылдан бастап көпбалалы отбасыларына жаңа жәрдемақы беріледі. Ал аз қамтылған отбасыларына осы жәрдемақымен бірге атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Алайда,атаулы әлеуметтік көмек азаматтарды еңбекке тарту мақсатында берлетіндіктен, отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыстан бас тартса, онда ол және оның жанұясы түгел  АӘК қағылады.  Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен үікмет сағатында атаулы әлеуметтік көмекті реформалау мәселесі талқыланды.

Атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларға беріледі. Кедейшілік шегінде 2 млн азамат бар. Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмектің мақсаты азаматтарды еңбекке тарту. Ал атаулы әлеуметтік көмек көрсету өлшемшарты ең төменгі күнкөрістің 50%-нан 70%-на дейін деп белгіленіп отыр. Бүгінде Қазақстанда кедейшілік шегі 21 мың теңгені құрайды. Халықаралық сарапшылар кедейлік шегінің оңтайлы деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінде болу керек дейді. Ал Қазақстанда ең төменгі күн көріс деңгейі 26 915 теңгені құрайды. Бұл орайда депутаттар үкіметке кедейшілік шегін көтеруді ұсынады.

Атаулы әлеуметтік көмек азаматтарды еңбекке тарту мақсатында берлетіндіктен, отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған жұмыстан бас тартса, онда ол және оның жанұясы түгел  бұл көмектен айырылады

Айта кету керек, жаңа жылдан бастап көпбалалы отбасыларына жаңа жәрдемақы беріледі. Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан үлестіріледі. 4 балаға - 42 496 теңге; 5 балаға - 53127 теңге; 6 баласы барларға - 63 757 теңге; 7 және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларына - 74 388 теңге көлемінде тағайындалады. Ендігі құжат рәсімдеу жүріп жатыр. Алайда, бұл жәрдемақыны алу үшін балалары ата-аналарымен бірге тұруы керек. Көпбалалы отбасылары басқа қалада оқып жатқан студент балалары үшін бұл жәрдемақыны толық ала алмай қаламыз деп даурығуда. Еңбек министрі бұған алаңдаудың қажеті жоқ деп сендіреді.

Жаңадан берілетін жәрдемақы табыс көзі болып саналатындықтан, аз қамтылған отбасылардың табысы артып атаулы әлеуметтік көмектен қағылуы мүмкін.

Бұдан бөлек, табысы аз отбасылардың 1-ден 18 жасқа дейінгі балаларына кепілді әлеуметтік пакет беріледі. Мектепке дейінгі, яғни 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік пен гигиеналық құралдар беріледі. Мектеп жасындағы оқушылар мемлекет есебінен оқу орнындағы тегін ыстық тамақ, мектеп формасы және оқу құралдарымен, мектепке барып-келу жол ақысымен қамтамасыз етіледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.