Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Еңбек дауы

c 16:38, 31/07/2019 c 725

0:00 / 0:00

Биыл Батыс Қазақстан облысында 3 адам жұмыста қайтыс болған. Ал, қызмет бабында түрлі дене жарақатын алғандардың саны 28-ді құрап отыр. Жұмыс берушілер көбіне көп, қызметкерлерімен еңбек шартын жасаспай, олардың құқығын аяққа таптап жатады. Сондай-ақ, жұмыс берушілердің арасында уақытылы жалақы төлемей жүргендердің саны да азаймай отыр. Мәселен, өткен жылы 224 кәсіпорын еңбек ақыны уақытылы төлемей келгендігі анықталыпты. Қазіргі таңда жалақы бойынша борыш 49,3 млн теңгені құрап отыр.

Биыл жалақы төлемеген 8 кәсіпорын анықталып отыр. Олар 100-ге тарта қызметкерге 64 млн теңгедей қаражат қарыз. Еңбек ақыны уақытылы төлемеген 4 мекеме өзін банкрот деп жариялаған. Өз ісін тоқтатқан компаниялардың қарызы 35 млн-нан асып жығылады. 2019 жылы 72 мекеме берешек болған жалақыны қызметкерлерге төлепті. Сала мамандары уақытылы еңбек ақыны төлей алмай жүрген компаниялар облыстық әкімдік жанынан құрылған комиссияда тұрақты түрде есеп беріп отырады, -дейді.

Жұмыс берушілер қызметкерлерімен еңбек шартын жасаспай, заңды аяққа таптап жатады. Міндет пен талаптар жасақталған құжаттың болмауына байланысты жұмысшылар қызмет бабында түрлі дене жарақатын алып жатады. Олардың көбі құрылыс, өндіріс саласында тіркеледі екен. Сала мамандары биыл 33 адамның жұмыста жарақат алғандығын жеткізді. Олардың 3 өкінішке орай, қызметте бақилық болыпты. Биыл жазда әлеуметтік желі де қалың бұқараның наразына іліккен жағдайдың бірі құс фабрикасы ауданында болған қайғылы оқиға. Сол кезде ер адам топырақтың астында қалып, жан тапсырған болатын.

Жалпы БҚО еңбек инспекциясына жұмыс тәртібі мен еңбекке қатысты 519 арыз-шағым келіп түскен.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.