Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Еңбек" бағдарламасының шарапаты

c 19:01, 16/10/2020 c 451

БҚО-да Еңбек мемлекеттік бағдарламасы бойынша биыл 469 несие беру жоспарланған. Қазір атламыш мақсатта бөлінген қаражат игерілуде. Осы несиелердің көмегімен ауыл мен қала халқы кәсібін бастап, мал шаруашылығын ашып, өз істерін жүзеге асыра алады. Біздің арнаның тілшілері Сырым ауданының Шағырлыой ауылына барып, ірі қара өсіріп отырған шаруа қожалықтың жұмысымен танысып қайтты.

 

Бұл Сырым ауданы Шағырлыой ауылында орналасқан "Тіленші" шаруа қожалығы. Қожалық иесі 2013 жылы алғаш рет "Ауыл шауарышылығы қаржылай қолдау" қорынан несие алып, 50 бас аталық және аналық ірі қара сатып алады. Мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген қаражатты қайтарып, шаруасын дөңгелетіп отырған кәсіпкер ақсақал Ерген Таумышев биыл тағы да 30 млн теңге несие алыпты.

Қазіргі таңда шауары қожалықта 250 бас мүйізді қара мен 70 тен астам жылқы бар. Барлығы да жергілікті мал. Сондықтан табиғатқа бейімделіп, жерсінуі жағынан қиындық болмаған.

Бірақ бұл матор қазір жанармаймен жасап тұр. Сондықтан малды суарудың өзі қымбатқа түседі. Күніне 20 литр жанармай жұмсалады.  "Тіленші" шаруа қожалығына тиесілі жайылымдық жер көлемі 1 445 гектар. Мал азығын дайындайтын техникалары жеткілікті. Бүгінде облыста ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мал шаруашылығымен айналысамын деушілерге 30 млн теңгеге дейін несие береді. Ірі қара, жылқы, қой, түйе шаруашылығын дамытуға берілген несиенің мерзімі 10 жылға дейін. Екі жылға дейін ақшаны қайтаруда демалыс жарияланып, шаруа қожалықтың аяқтан тұруына уақыт беріледі. Қазір "Тіленші" шаруа қожалығының басшысы Ерген Таумышев еңбегінің жемісін көріп отыр. Оған бұл істе ұлдары көмектеседі. Маңдай терімен нәпақасын тауып отырған еңбек адамы болашақта асыл тұқымды мал басын сатып алып, шаруасын одан әрі дамыту, кеңейту жоспары барын айтады.

Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.