Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕҢБЕК АРДАГЕРІ ТҰРҒАН ҮЙГЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА ОРНАТЫЛДЫ

c 17:30, 21/10 c 2

0:00 / 0:00

Ару Мұхамбетқалиева 1939 жылы Жәнібек ауданының Тау ауылында темір ұстаның шаңырағында дүниеге келген. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келді. Заман тауқыметіне қарамастан әкесі Атау мен анасы Сағида ұл-қыздарын білім алуға, елге қызмет қылуға тәрбиеледі. Ата-ана үміті ақталып, Ару Атауқызы оқуда да, қызмет те үздіктердің қатарынан көрінді. Құрылыс саласында қызмет еткен маман Жоғары кеңес президиумының шешімімен ІІ, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы», «Халықтар достығы» ордендерімен наградталған. Бүгінде Ару Мұхамбетқалиеваның ұрпағы өзі тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатып, еңбек ардагерін еске алды. «Анамыздың өмір жолы бізге үлгі», - дейді олар.

НҰРЛАН МҰХАМБЕТҚАЛИЕВ
АРУ МҰХАМБЕТҚАЛИЕВАНЫҢ ҰЛЫ

СЕРІК МЕРҒАЛИЕВ
АРУ МҰХАМБЕТҚАЛИЕВАНЫҢ ТУЫСЫ

Ару Мұхамбетқалиева 1958 жылы кірпіш зауытына қызметке тұрып, бір мекемеде 30 жылдан астам уақыт еңбек етіпті. 1995 жылы зейнетке шыққан. Кәсіпорын басшылығы жастай еңбек майданында шыңдалған қызметкердің қарым-қабілеті мен жауапкершілігін жоғары бағалады.

РАМАЗАН НҰРЛИЕВ
КІРПІШ ЗАУЫТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Еңбек ардагері Ару Атауқызы Абай даңғылы, 111 үйде 1979 жылдан - 2016 жылға дейін тұрған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.