0:00 / 0:00
Облыста еліміздегі ең ірі жылыжай кешендерінің бірі ашылды. Нидерландтық технология бойынша іске қосылған шаруашылық орнында 150 адам жұмыспен қамтылған. Жылына 7,3 тонна көкөніс өсіруге мүмкіндік беретін «World Green Company» жылыжайы Бәйтерек ауданы Новенький ауылы маңында бой көтерген. Нидерландтық технология қолданылатын кешеннің жалпы аумағы 11 гектардан асады.Кешеннің салтанатты ашылуына облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты. Аймақ басшысы атап өткендей, жылыжайдың іске қосылуы жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, тұрғындарды маусымаралық табиғи көкөністермен қамтиды. Жылыжай кешенінде қолданылатын голландия технологиясы жылына 7,3 тонна көкөніс өсіруге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда корпорация арқылы 9 миллиард теңге берілсе, кәсіпкерге құйған инвистиция 15 процент ғана. Кешен құрылысына 8,9 млрд теңге қаржы бөлінген. Кәсіпкер Мұрат Ибрагимовтың айтуынша, жобаның қуаттылығы жылына 4,5 мың тонна қияр мен 3,5 мың тонна қызанақ өсіруге жетеді. Голландиялықтар тұқым мен тыңайтқыштарды жеткізген. Екінші жағында 5,6 гектар жерде қызанақ егіледі. Қуаттылығы 7 мың тоннаға дейін жетеді. Көкөніс өсірумен 170 -ке жуық жергілікті маман айналысады. Қызметкерлер арнайы оқудан өтіп, бәсекеге қабілетті жалақы алады, - деді «World green company» ЖШС директоры Мұрат Ибрагимов.Өңірде жалпы аумағы 7 гектардай 97 жылыжай бар. Биылғы жылы бірінші дақыл айналымда қияр және қызынақ отырғызылып, олардан 6146 тонна көкөніс өнімдері алынған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 15 есеге көп.