0:00 / 0:00
Телеарнамызға толассыз телефон шалып, Зашаған ауданындағы №6 емхананың күндеп күтетін кезегіне шағымданып жүрген аталған аудан тұрғындары, жақын арада дәрігерлердің қарауына дер уақытында, кезек тізімі бойынша қабылданады деп айта алмаймыз. Себебі, емханаға барсаңыз жұмысын бастағанына екінші жылға кеткен емхананың әлі күнге етек жеңңдерін жия алмай жайбарақат жүргендерін байқайсыз.
Көзі қарақты, өзі сауатты телекөрермендеріміздің естерінде болар, өткен жаңалықтарымыздан көрсеңіздер облысымыздағы медицина саласындағы саусақпен санап тауыса алмайтын олқылықтардың ТҚҚ басқармасында, мамандар арасында кеңінен сөз етілгені бар. Сонда, яғни басқармаға келіп түскен шағымда, емханалардағы басы аяғы жоқ кезек жәйінде, алдына барсаң ақ халаттылардың телефонына шұқшиып, сораптап сағаттап шәйін да ішіп отыратындығын, ТҚҚ басқармасы мамандары өздеріне түскен арыздардан оқыған болатұғын.
Күннен күнге үлкейіп, бірден-бірге көркейіп келе жатқан Зашағанда, 2013 жылдың аяғында №6 жаңа екі қабатты емхана ашылғанда, осы шаған ауданның кәрісі бар ма, жасы барма, бәрі бірдей бұрынғыдай әбігерленбей жаңаша емханадан ем аламыз деп балаша қуанды. Бірақ, артынша шағын аудан тұрғындары: "бұрындары амбулаториялық бөлім бәлен адамды қамтыса, бұлар күндеп кезек күттіреді, таңертең барған адамының қабылдауға кеште кіреді"- деп шағым айтуды шығарды.
Ал, емхана басшысы болса, бұрынғысынша емханаға келіп қаралушылардың шамадан тыс көптігін, дәрігерлердің жетпейтіндігін айтып ақталад.
Аймақ ақ халаттыларының қашанда алға тартары да айтатыны да дәрігерлердің тапшылығы. Медициналық академиялар мен университеттерді 9 жыл оқып тауысқан, жас мамандар неліктен біздің аймағымызға ауыспай отыр.