0:00 / 0:00
Облыс орталығында орналасқан жеке емдеу мекемесінің бірінде өрт шықты. Төтеншеліктердің тартқан ақпарына сүйенсек, қызыл жалын ғимараттың жер төлесінде тұрған трансформатордан тұтанған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.Оқиға орында 9 бірлік техника мен 45 өрт сөндіруші жұмыстанған. Жертөледе трансформатор сымының тұйықталуынан шыққан қызыл жалын салдарынан ғимарат ішінен 70-тен астам адам эвакуацияланыпты.