0:00 / 0:00
Нұр-сұлтан қаласының сол жағалауындағы Шұбар шағынауданында екі қабатты коттеджде өрт шықты. Үйдің шатыры және оған жапсарлас уақытша салынған құрылыс өртенді. Өрт сөндірушілердің айтуынша, өрт шарпыған аумақ шамамен 150 шаршы метрді құрайды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Құтқарушылардың айтуынша, жылу беру маусымы басталғалы республика бойынша тілсіз жаудың белең алуы артып отыр.
Тілсіз жау деген осы. Кенеттен орын алған өрт қала тұрығндарын алаңдатты. Елорданың сол жағалауына тиіп тұрған Шұбар шағын ауданында екі-үш қабатты коттедждер орналасқан. Жекеменшік тұрғын үйлердің біріндегі жалындаған өрттің орын алғанына бір-екі минут болмай жатып, әлеуметтік желіде фотосы мен видеосы тарап кетті. Құтқарушыларға өрт жайында көршілер хабарлаған. Бес бірдей өрт сөндіру көлігі оқиға орнына келіп жетіп, жалынды ауыздықтады.
Өрт сөндірушілер өртенген екі қабатты жатақханадан тұрғындар пайдаланған газ балондарын алып шығып үлгерді. Газ балон жарылғанда тұрғын алқабын өрт шалар еді. Өрт шарпыған аумақ шамамен 150 шаршы метрді құрайды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Үйдің қожайыны өрт пештен кетті деп отыр. Қаланың қақ ортасында тұрған жекеменшік үйлерде әлі күнге дейін көмір отынын жағады. Жылу беру маусымы басталғалы өрттің орын алу дерегі де артып отыр. Ал құтқарушылар қызметі болса, тұрғындарға қауіпсіздік шарасын сақтауды айтудан шаршамайды. Көптеген тұрғындар өрт қауіпсіздігіне қатысты тексеру, ескерту жасауға келген құтқарушыларды үйіне кіргізбей жатады. Әсіресе үйлерін жалға беріп қойған қожайындарды табу қиын. Бүгін отқа оранған жатақхана да жалға берілген еді.