Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Елімнің тағдыры- менің тағдырым!"

c 00:00, 16/03/2015 c 832

0:00 / 0:00

Бүгін осындай атаумен Орал қаласында этно мәдени бірлестіктер акция өткізді. Әр ұлттың салт-дәстүрін сақтап қалуына жағдай жасап отырған Қазақстандай алып мекенде өмір сүріп жатқанымыз үшін біз бақыттымыз дейді шараға қатысқандар. Ал жастар қауымы патриоттық әндер шырқалған концерттік бағдарламаны тамашалап, өз пікірлерін де ортаға салды. Игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан-біздің ортақ келешегіміз. Елдегі түрлі ұлт пен ұлыс осыны тереңнен ұғынса дейді этно мәдени бірлестік өкілдері. Елбасының ұлтаралық алауыздыққа жол бермей, көптеген қиындықты жұмыла көтеру тапсырмасының орындалуы жолында ел болашағы болар жастардың атқарар рөлі ерекше. Өзге елдерге үлгі болған ассамблеяның 20 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға түрлі ұлттық киімдер киіп, бірлестік жанынан келген жастар қауымы да қатысты. Өз кезегінде өнерлерін көрсетті. Жайық өңірінде 34 этно мәдени бірлестік жұмыс жасайды. Олардың құрамында қазақ, орыс, кәріс, татар, ұйғыр, әзірбайжан, ұйғыр және өзге де көптеген ұлтттар тату-тәтті өмір сүріп, қаламыздың көркейіп, дамуына үлестерін қосып келеді. Ләйім оларың бұл еңбегі ел іргесінің берік болуына септігін тигізе бергей!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.