Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕЛІМІЗДІҢ БАС ТУЫ КӨТЕРІЛДІ

c 19:28, 04/06 c 88

0:00 / 0:00

4 маусым күні Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді. Алайда бұл күні қазақстандықтар демалмайды, бірақ рәміздерді құрметтеу шаралары барлық аймақта ұйымдастырылады. Бұл жолы да мемлекет басшысы елордадағы еліміздің бас туын көтерді. Қасым-Жомарт Тоқаев туымызды тік ұстау – әр азаматтың перзенттік парызы. Аспан түстес көк байрағымыз – біздің мақтанышымыз. Спортшыларымыз туымызды талай рет жеңіс тұғырына көтерді деді. Осы орайда Президент жақында Эверестке шыққан қазақ қызының ерлігін атап өтті. Туымыз әлемнің ең биік шыңында тағы да желбіреді. Алда Олимпиада ойындары келе жатыр. Намысты өрендеріміз Париж төрінде туымызды тік ұстайды деп сенемін, – деді.

Президенттің айтуынша, Қазақстан бейбіт мемлекет ретінде татулық пен келісімді қашанда басты орынға қояды және барлық мемлекетпен достық қатынас орнатқан. Мемлекеттік рәміздер негізгі құндылықтарымыз бен мұраттарымызды айшықтап, әрқайсымыздың бойымызда елімізге деген шынайы мақтаныш сезімін оятатынын жеткізді. Сонымен қатар басты елдік нышандар сын сағатта да, жеңісті күндерде де барша азаматты біріктіретініне тоқталды. Айта кету керек, жылдағы дәстүр бойынша көк туымызды көтеріп, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілгенен кейін, жас сарбаздарға әскери шен тапсырды. Тоқаев сарбаздарға ер-азамат үшін ел тыныштығын күзету – ең абыройлы міндет екенін айта келе, әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлының «Ердің туы – намыс» деген дана сөзін еске салды.

Мемлеекттік рәміздер күні 1992 жылдан бері атап өтілуде. Себебі дәл сол жылы Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тағайындалды. Соан бері бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік нышандар - Елтаңба, Ту мен Әнұранымыздың туған күні болып қалды. Ал мемлекеттік рәміздерді қорлағандар үшін қатаң заң талабы бар. Рәміздерді қорлағандарға 3 000 АЕК-ке айыпұл салынады және қоғамдық жұмыстарға тартылады. Ең ұзақ мерзімі 600-ден 900 сағатқа дейін көбейтілді. Өздеріңізге мәлім, бұған дейін елтаңбаны өзгерту туралы ұсыныс түскен болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.