0:00 / 0:00
Енді жүргізу куәлігі 7 негізгі категориямен қатар, 6 қосымша категорияны өзіне қосып отыр. Сонымен қатар, жолда еркін серуен құрған скутер мен мопед құрылғысына да арнайы жүргізуші куәлігі болуы шар. Барлық өзгерістер ҚР-ның "Жол қозғалысы" ережесіне сай жүргізіліп отыр. Бұрындары негізгі деп танылған А, В, С, Д, Е категориялардан басқа, қазір қосымша кіші категория пайда болды. Бұл өзгеріс бірінші кезекте ешбір категорияларға жатқызылмаған көлік құрылғыларына тағайындалған. Мәселен, бүгінде А1 категориясына скутер, мопедтер, сондай-ақ, трициклдер мен квадрациклдер жатқызылып отыр. Осыған орай, бұл құрылғыны тізгіндеушілерге жүргізу куәлігі міндет деп табылады. Ал, В1 - Д1 категорияларына бір орынды немесе екі орынды шағын жүк көліктері мен шағын куперлер жатқызылып отыр. Жаңа заңға сәйкес, С, Д1 санаттарын алу үшін жүргізушілердің жұмыс өтілі 1 жылдан кем болмауы шарт. Айталық, Д1 категориясы үшін 16 орынға шақталған жолаушылар көлігін міндеттеледі. Ал, одан жоғары орынға Д категориясының өзі болу жүктеледі.