Мұндай ақпарды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жәрдемақы бөлімшесі мәлімдейді. Жоғарыда аталған мемлекеттік жәрдемақы 4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленбек. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады. Яғни, 4 баласы бар отбасыларға 42 500 теңге, 5 балаға - 53 125 теңге, 6 балаға - 63 750 теңге, 7 және одан да көп балаларға 74 375 теңге төленеді.Айта кетерлігі, аталған жәрдемақы биылғы жылға дейін бала саны ескерілместен жалпы сомасы - 10504 теңге төленіп келген болатын. Ал, жаңа жылда берілетін жаңа жәрдемақы 4-7 есеге көп болмақ.