0:00 / 0:00
Бүгінде "Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын" деген мақсатты көздеген жастар көбейіп келеді. Олар еліміздің дамуы үшін түрлі салада бел жазбай еңбектеніп жатыр. күн сайын білімдерін шыңдап, тәжірбиесін толықтырған түрлі маман иелері бәсекеге қабілетті болуды мақсат тұтады. Күн өткен сайын кадрларға қоятын талап күшейіп келе жатыр. Замана жүктеген міндетті бірінші болып, мемлекеттік қызметшілер мүлтіксіз орындауы шарт.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметші болып жұмыс жасаймын деген жандардың саны мен оларға қойылатын талап күн өткен сайын артып келеді. Замана жүктеген міндетті абыройлы атқарып жүрген жандар аз емес. Солардың бірі -Әлібек Молданиязов. Ол 2012 жылдан бастап Орал қалалық ішкі саясат бөлімінде жұмыс жасайды.
"Болашақ" степендиясы арқылы білімін жетілдірген Әлібек Молданиязов 2018 жылы Ұлыбританияда "сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік басқару " мамандығы бойынша оқуын аяқтап, елге оралып, қызметін жалғастыруда. Кейіпкеріміздің әріптестері шетелде білімін толықтырған маманның жұмысын оң бағалап отыр.
Өмірінің 7 жылын мемлекеттік қызметке арнаған Әлібек Молданиязов бүгінде мемлекеттік қызметтің дамуы үшін атқарылып жатқан жұмыс көп,- дейді. Кейіпкеріміз елдің дамуы үшін бел жазбай еңбектенем деген жастар мынаны ескеруі керек,- дейді.
Қазақияның келешекте толағай табысқа жетіп, өркениетті елдердің тізімінде көш бастауы үшін әрбір маман кәсіби тұрғыда жұмыс жасап, білімін үнемі толықтырып, жаңа дүниелерді үйреніп, оны тәжірбие жүзінде қолдана білуі шарт.