Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Елге инвестиция тарту

c 10:00, 20/11/2020 c 653

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы онлайн форматында өтті. Жиын барысында коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстандағы экономикалық, инвестициялық белсенділікті қалпына келтіру, сондай-ақ, еліміздің мұнай-газ секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және дамыту мәселелері талқыланды. Президент Тоқаев  пандемия әлемнің барлық елдеріндегі негізгі салаларды тұралатып кеткенін айтып, оның салдарымен күш біріктіріп күресудің маңыздылығын атап өтті. Осы жағдайда  инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың ашықтығын қамтамасыз ететін өзгерістер мен реформалардың қажет екенін айтты. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ұсыныстарын алға тартты.

Ресми мәліметке сүйенсек, жылдан жылға Қазақстанға құйылып жатқан шетелдік инвестициялық жобалар саны азайып жатыр. Шетелдік инвесторлар Қазақстанда сақтық таныта бастады. Бұған себеп, елдегі сыбайлас жемқорлықтың белең алуы.Жемқорлықпен күрес агенттігінің мәліметінше,  жоба құнының 30 пайызы жемқорлардың қалтасын толтыруға кетеді екен.

Президент  биыл өзінің тікелей тапсырмасымен инвесторларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау жұмыстары күшейтілгенін атап өтті. Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жалпы сомасы 12 трлн теңгеден асатын 500-ден астам инвестициялық бизнес-жобаны тексеріп жатыр.

Тағы бір шешімі табылмай отырған мәселе- мемлекеттің экономикадағы үлесінің тым жоғарлығы. Қанша жекешелендіру жүргізілгенімен, мемлекеттік кәсіпорындар сатып алушыны таппай жатып, жұмыстарын жалғастыруда. Осылайша бәсекелестік ортаға шығын келтіріп отыр. Мемлекеттік кәсіпорындар стартегиялық салаларда жұмысын жасап жатыр, ал қалған салалар жекеменшік сектор деген атауды жамылуға мәжбүр. Мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыс сапасы  жекеменшік кәсіпорындарға қарағанда әлдеқайда төмен. Мемлекеттік ақшасын қолдана отырып,өет аз девидент төлейді, реурстары жоқ. Сөйте тұра жалақыларын көтеріп алады. Осылайша жекемншік секторға кедеріг келтіріп отыр. Мемлекет басшысы инвесторларға бұл мәселені де шешуді қолға алатынын айтты.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев отандық фармацевтика саласын дамытудың маңыздылығын айтты.  2025 жылға қарай Қазақстан дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін 50 пайызға дейін арттыруды көздеп отырғанын мәлімдеді. Ал мұнай-газ саласы Қазақстанға шетелден инвестициялар тартудың негізгі көзіне айналғанын атап өтті. Енді мұнайға сұраныс азайып отырғанда,  саланың инвестициялық тартымдылығы да төмендеді. Президент Қашаған кен орнын толық көлемде игеруге көшу керек екенін айтып, онда газ өңдеу зауытын салуды жедел іске асыруды тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.