Өткен айда Орал қаласында қатынайтын екі қоғамдық көлікке электронды жолақы төлеу жүйесі енгізілді. Пилоттық жоба №22 және 4-автобуста сынақтан өтуде. "Смарт қала" мекемесінің қызметкерлері қоғамдық көліктерде жолақыны карта немесе "Автобус" бағдарламасымен төлеуге болатынын айтады. Арнайы бағдарламаны ұялы телефонға орнатып, Q-код немесе автобустың нөмірі арқылы билет алуға болады. Қазіргі таңда қос автобустың кондукторлары әрбір төленген жолақыға түбіртек беруде. "Смарт қала" мекемесінің қызметкерлері Орал қаласында қатынайтын барлық қоғамдық көлікке электронды жолақы төлеу жүйесін қыркүйекте орнатуды жоспарлап отыр.