Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Электронды билет жобасы іске қосылады

c 17:56, 02/06/2021 c 621

Оралда көп ұзамай «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық көлікте жол жүру төлемдерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасар Асхат Құлбаев мәлімдеді.Қазіргі таңда Оралда жалпы саны 450 қоғамдық көлік жолаушылар тасымалымен шұғылданады. Болашақта бұл көліктердегі тасымалдау ақысы арнайы электронды карта арқылы қабылданатын болады. Электрондық билет жүйесін енгізудің мақсаты - қоғамдық көлік жұмысының ашық болуын қамтамасыз ету, - деп түсіндірді қала әкімінің орынбасары Асхат Құлбаев.
Айта кеткен жөн электронды төлем құрылғысын орнату шаралары осыдан екі жыл бұрын да қолға алынған еді.
Айта кеткен жөн, облыс орталығындағы қоғамдық көліктер төңірегінде шешімін табуы тиіс өзекті мәселелер бар. Бұны тасымалдауыш компания өкілдері де жоққа шығармайды. Биыл автобус парктерін жаңғырту мен жаңа көліктер сатып алуға мемлекет тарапынан 1 млрд. теңгеге жуық демеу қаржы бөлінді. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында бұл жүйенің сәтті жүзеге асқаны белгілі. Жаңа жүйенің енгізілуінің нәтижиесінде қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасы, жүргізушілердің және жол серіктердің жалақысы, сонымен қатар, тасымалдаушы компаниялар табысы, бюджетке түсетін салық түсімі көбейетін болады. Бұдан басқа, автобустардың қызмет көрсету сапасы артады. Себебі қоғамдық көліктің техникалық күйін жақсы жағдайда ұстау үшін қаражат төленетін болады,- деп сендірді жоба жетекшісі.Зейнеткерлер мен мүгедектерге және ардагерлерге арнайы тегін карталар берілу жоспары бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.