0:00 / 0:00
Орал қаласында балабақша кезегі электронды порталға көшірілген болатын. Автоматтандырылған жүйе арқылы кез-келген ата-ана баласының мектепке дейінгі мекемедегі кезегін үйде отырып-ақ бақылап отыра алады. Алайда бұл өзгерістің тиімсіз тұстары көп,- дейді өз кезектерінің қашан келерін білмей, күтуден жалыққан ата-аналар.
Біріктірілген кезектің тиімді тұсы- ғаламтордан үнемі бақылап отыруға болады. Бір жүйедеден басқарылып, автоматтандырылған порталда ата-аналардың белсенді болуы шарт. Сол кезде пайда болған бос орындарды таңдау мүмкіндіге ие болмақ. Алайда дәлізде кезекке тұрған бір топ ата-ана бұл жүйенің өздері үшін тиімсіз тұстары көбірек болып тұрғанын айтады.
Мамандар бұл уақытша туындаған қолайсыздық деп түсіндірді. Сондықтан ата-аналарды сабырға шақырып, электронды портал жұмысын түсіндіруге дайын екендерін мәлімдеді. Биылғы жылы шаһарымызда 3900 бала балабақшамен қоштасқан. Мамыр-маусым айларында 500-дей бала бөбекжайға жолдама алыпты.
Балабақша кезегі үшін алаңдаған ата-аналар бұл мәселе жақын аралықта шешімін табады деген үмітте. Ал білім саласының қызметкерлері бүгіннен бастап электронды кезекті бақылау жүйесінде туындаған техникалық ақау қалыпқа келтірілгенін хабарлады.