0:00 / 0:00
Орал қаласындағы тағы бір білім ошағы электронды асхана жобасы бойынша жұмысқа кірісті. М.Ықсанов атындағы №36 мектептің ұжымы цифрландыру аясындағы тың бастаманы қолдайды. Мектеп директоры Азима Ғұбашева бүгінде оқушылар мен ата-аналардың жаңашылдыққа риза екенін жеткізді.Электронды асхана жүйесі осыдан бір апта бұрын қолға алынды. Негізгі қолданушылары мектеп оқушылары болғандықтан өте тиімді саналады. Өйткені асханадағы ас мәзірі мен олардың бағалары терминал экранынан көрініп тұрады. Жаңашылдық арқылы уақыт үнемдеп қана қоймай мемлекеттік қызметтің мөлдірлігіне де көз жеткізесіз.Бүгінде мектептегі бастауыш сыныптағы оқушыларға карталар толықтай берілген. Сонымен қатар аз қамтылған отбасылардың балалары да аталмыш қызметттің түрін пайдаланады.
Жүйенің тиімділігін ниет танытқан кез-келген осы мектептің білім алушысы тұтына алады.Терминал асхана жанында орналасқан. Тамақтандыру ісімен шұғылданушы кәсіпкер Ляна Тұрсынова қызмет барысында автоматтандыру ісіне көшу жұмысты жеңілдету дейді. Айта кеткен жөн, облыста қызмет көрсету саласының 80 пайызы автоматтандырылған.