0:00 / 0:00
Эрик Тау-Кнудсен мен Мариана Асаначье "Ақ Жол" ҚДП БҚОФ-на келіп, партия төрағасының бірінші орынбасарымен тілдесті. 29 наурыз күні Астана қаласына ат терлетіп келіп, өңірімізге бас сұққан ЕҚЫҰ-ның бақылаушыларын, кезектен тыс президент сайлауына дайындық барысы, соның ішінде дауыс беру ғимараттарының жай-күйі, сайлаушылар саны, додаға түскелі отырған саяси партиялар мен депутаттыққа үміткерлер туралы мәліметтер және тағы басқа да ұйымдық мәселелердің бәрі қызықтырары сөзсіз.Осы мақсатты меже тұтқан бақылаушылар, бүгін міне, "Ақ Жол" ҚДП БҚОФ-ның кеңсесіне төрлетіп, партия жұмысымен де танысты. Әдемі әңгіме барысында халықаралық бақылаушылар «Ақ Жол» партиясының мүшелері, жастардың белсенділігі, сонымен қатар, 12 наурыз күні Астана қаласында өткен кезектен тыс 12 съезі жөнінде сұрақтар қойылды. Алаштың ақ жолын ұстанған «Ақ Жол» партиясы 26 -сәуірде өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға өз үміткерін ұсынбайды. Ақ Жолдықтар да Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдайды. Партия бүгінгі өткен кезектен тыс 12 съезінде осындай шешім қабылдап, өңірлердегі бөлімшелеріне алдағы сайлауда бүгінгі Президенттің кандидатурасын қолдайтын үндеуді жолдаған болатын. Азат Перуашевтың төрағалық етуімен ҚР Парламент Мәжілісіде 8 депутаты мен 200 мыңнан астам мүшесі бар, кәсіпкерлерден құралған, іскерлер партиясы атанып кеткен «Ақ Жол» ҚДП Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдайды.