0:00 / 0:00
Қазақстанда карантин шаралары қайта күшейтіледі. Себебі, елордасында «Дельта» ("Үнді") штаммына тән COVID-19 мутациясы анықталды. Осыған орай ведомствоаралық комиссия бас мемлекеттік санитар дәрігеріне карантинді күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдауды ұсынды.Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы ғана қызыл аймақтан шыға алмай отыр. Соңғы тәулікте бас қалада ковид жұқтырғандар саны 300-ге жуық адамды құрады. Премьер-министр жергілікті әкімдіктің жұмысының әлсіздігінен елордадағы эпид жағдайдың тұрақталмай отырғанын айтты.
Қазақстанда эпид жағдай тұрақты. Алайда, Нұр-Сұлтан қаласы қызыл аймақтан шыға алмай отыр. Қалада ковид жұқтырғандар саны бір тәулікте 300 –ге жуық адамды құрауда. Дегенмен, ашық қосымшасы арқылы ірі сауда орындары, базарлар мен театарлар, кинотетарлар, мейрмаханалардың жұмысы қызып тұр. Тіпті, соңғы кезде әлеуметтік желіде қамсыз той тойлап жатқандарды да көруге болады. Карантиндік талаптарды жеңілдетіп жіберген үкіметті Нұр-Сұлтан қаласында анықталып отырған "Дельта" ("Үнді") штаммына тән COVID-19 мутациясы үркітіп отырған сияқты. Мамандардың айтуныша, коронавирустың "Дельта" штаммы мутациясының таралу жылдамдығы өте жоғары, тез өршиді және салдары анағұрлым ауыр. Бүгінгі отырыста премьер-министр бірден елде карантин талаптарын күшейтуді бұйырды. Ал Нұр-Сұлтанның әкімдігін ковидпен күрес жұмысында әлсіздік танытып отыр деп кіналады.
Үкімет вакцина жасату жұмысын күшейту үшін COVID-19-ға қарсы вакцинасыз қызметкерлерге жұмысқа келуге шектеу енгізбекші. Ал вакцинадан бас тартқан жағдайда ұжымдардағы қызметкерлерден ПТР тест талап етуді ұсынды. Жұмыс берушілер өз қызметкерлерінен екпе жасатуды талап етуі керек. Бір сөзбен айтқанда мәжбүрлеу жоқ, бірақ екпесіз жұмысқа да кіре алмай қалуыңыз мүмкін.
Тіпті "Ashyq" жобасына жаңа бизнес нысанарын қосу үшін, сондай-ақ жоба аясында жұмыс істеп тұрған субъектілердің жұмысын одан әрі жалғастыру үшін барлық персоналды вакциналау талап етіледі. «Үнді» штаммы анықталған Нұр-Сұлтан қаласында карантиндік шектеулер енгізу туралы шешім қабылданды. Сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес тауарларды сататын сауда желілері кешкі 17:00-ге дейін ғана жұмыс істейтін болады. Сенбі және жексенбі күндері бәрі жабылады. Тіпіт вакцинациялау пунктері орналасқан нысандар да демалыс күндері жұмыс істемейтін болады. Қоғамдық тамақтану нысандарына да шектеулер енгізіледі. Тек ашық ауада орналасқан нысандар ғана кешкі 22.00-ге дейін қызмет көрсетеді.