0:00 / 0:00
Облысымызға ресми сапармен келген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алғаш табан тіреген нысаны тұрмыстық жиһаздар шеберханасы болды. Жиырма жылдан бері өңірімізде түрлі жиһаз өнімдерін өндірумен айналысып келе жатырған қуатты өндіріс орнының жұмысымен танысқан Президент диванға арнайы тізе бүгіп, жиһаздардың сапасына көз жеткізді.
Тұрмысқа қолайлы, қолданысқа ыңғайлы заманауи сұранысқа сай жиһаз шығаратын кешенде қазір 350-дің үстінде адам жұмыс істейді.
Шығарған өнімдерін өңіріміз бен елімізден өзге көршілес Қырғыз елі мен Ресейге саудалайтын шеберхана өнімге қажетті шикізатты Түркия мен Қытайдан тасымалдайды.
ЮРИЙ РОГОНОВ
Директордың өндіріс бойынша орынбасары
Өткен жылдан бастап біз өз өнімдерімізді Ресейге сата бастасақ, үстіміздегі жылы Бішкекке де жол ашылды. Жиһаз жасауға түскен тапсырысты орындап үлгермей жатырмыз. Тұрғындар көбі үстел мен орындықтарға тапсырыс көп береді. келешекте жұмыс көлемімізді үлкейтіп, осындай тағы бір жаңа шеберхана салуды жоспарлап отырмыз.
Шеберхананы аралап болғасын облыс əкімі Алтай Көлгінов Елбасына өңірдің бүгінгі əлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша баяндады. Артынша Президент сапары қаламыздағы 180 адамды жұмыспен қамтып отырған тағы бір ірі өндіріс орнында жалғасты.
Түрлі-түсті металжабындар шығаратын шағын зауыт биылдан бастап жаңа бағыт тауып, сұранысқа сай жұмыстарын да жандандырып жатыр.
Василий Балакирев
Директордың міндетін атқарушы
Қазіргі уақыттағы сұранысқа сай талдау жұмыстарын жүргізгенде осындай сендвичпанелдердің қажеттілігіне көз жеткіздік. Қазір тұтынушылардан осы өнімге сұраныс көп. Сол себепті биылдан бастап осы өнім өндіруді кеңінен қолға алдық. Келешекте өндіріс көлемін үлкейтпекпіз.
Өндіріс орнын соңғы үлгідегі заманауи құрылғылармен қамтып, жұмыс қуаттылығын арттырған өндіріс кешеніне Елбасымыз да өнім көлемін төмендетпеуге тілектестігін білдірген.
Мемлекеттік бағдарламалардың игілігінің арқасында жұмыстарын жандандырып, халықты жұмыспен қамтып табыс тауып отырған өндіріс орындары еліміздегі үдемелі индустрияландыруды дамытуға зор үлес қосары сөзсіз.