0:00 / 0:00
Осынау ғасырлық ғұмырында елдің энергетика саласының алған асулары мен бағындырған белестері аз емес. Мәселен, өткен жүзжылдықтың 30 жылдарының өзінде елдегі электр стансаларының қуаты 12 МВт-ты құраса, бұл көрсеткіш биыл 105 млрд кВт-тан асады деп жоспарланып отыр. Елде әлі күнге газ, ауыз су жеткізілмеген ауылдар өте көп болғанымен, жарық жетпеген елді-мекендер кемде кем. Бұрақ бұнымен, бұл саладағы мәселе бүтіндей шешілген деп айтуға да әлі ерте.
Жақып ХАЙРУШЕВ-ҚР Еңбек сіңірген энергетигі "Энергетика саласындағы басты мәселелердің бірі - бұл электр станцияларының ескіруі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, жалақының төмендігі т.б. Бірақ, Мемлекет қабылдаған "Нұрлы Жол" бағдарламасы арқылы осы салаға жаңғырту жұмыстарының үздіксіз жүргізіліп жатырғаны бізге зор үміт беріп отыр. Болашақта олқылықтардың оңалатынына сенеміз."
Жуырда жоғарғы палата жаңартылатын энергия көздеріне қатысты заң жобасын қарағаны да анық. Бұл болашақта баламалы энергия көздерін көбірек балалатып, энергияны үнемдеуге ел үкіметінің де үлкен мән беріп отырғанының дәлелі.
Жүз жыл бұрын жүргізілген электр желілерінің де тозығы жеткенін энергетиктер жиі сөз етіп жүр. Ғасыр жасаған саладағы бұл қазіргі өте өзекті мәселе. Мәселен, өткен жылдың күзінде басқа-басқа Елорданың өзінде ток желілері үзіліп, Ақордадан бастап жарты астана жарықсыз қалған кезде Президенттің өзі кінәлілерді тауып, жазалауды тапсырғаны елдің есінде.
Тозығы жеткен тоқ көздерін тарифті көтеру арқылы жөндеуді жөн көрген энергетиктерге елдің өкпесі де жетерлік. Биыл бір жылдың ішінде жарық құны бірден 7% - ға көтерілді. Тұтынушылар тарифті төмендетуді сұрап отыр. Сонымен, бүгін 100 жыл толып отырған энергетика саласының бүгіні осындай болғанымен, ертеңіне елдің сенімі сол.