Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Экспорттық бақылау

c 17:28, 23/05/2019 c 858

0:00 / 0:00

Мемлекеттік кірістер органдары 2019 жылдың 16 қаңтарынан бастап ЕАЭО аясында өткізілетін тауарлардың мониторингін жүзеге асырады. БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті кеден одағы шеңберінде әкімшелендіру бөлімінің басшысы Исатай Нысанбаевтың мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында өткізу пункттерінде 6 184 автокөлікке экспорттық бақылау жүргізілген. Мемлекеттік кірістер департаментінің жүргізген жұмысын талдауы тауарларды импорттау кезінде анықталғандай, 4 146 автокөлік құралының салық міндеттемесін орындаған болса, 2 038 автокөлік құралдарына өткізілген тауарлар бойынша салық міндеттемелерін орындау қамтамасыз етілмеген.  Мамандардың сөзінше, мониторингті жүзеге асырған сәттен бастап ағымдағы жылдың 16 қаңтарынан бастап экспорттық бақылау басқармасының қызметкерлері экспорт бойынша шектеулер енгізілген тауарларды әкетуге әрекет етудің 58 фактісінің жолын кесті. Оның ішінде түсті және қара металл сынықтарын шығару бойынша 55 факт, дизель отынын, макулатура мен терілерді шығару бойынша бір факт анықталған.Қазіргі таңда Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пунктін жайластыру бойынша күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Көлік құралдарының қозғалыс бағытының жаңа жобасында төрт есеге ұлғайту жоспарланды. Яғни әрбір бағыттағы төрт жолақтан екі бағытқа бөлінетін болады. Қайта құрылымдау жұмыстары аяқталған кезде «Сырым» өткізу пунктінің тәулігіне 5 000 көлікті, 7 000 адамды өткізуге қабілетті болады.Негізінен жүк көліктерінің өту көлемі бойынша «Сырым» өткізу пункті Республика бойынша инфрақұрылымы дамыған Қостанай облысындағы  «Қайрақ» және Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пункттерінен кейінгі үшінші ірі бекет саналады. Мұнда күрделі ғимарат 2002 жылы салынған, бүгінге дейін қайта жаңарту жүргізілмеген. Жүк және жолаушылар көлігінің бір жолақпен қозғалады. Күніге өткізу пунктінен 700-800-дей көлік қана өте алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.