0:00 / 0:00
Премьер-министр құзырлы органдарға 2025 жылы өңделген өнімдер мен қызметтер экспортының көлемін 41 млрд долларға дейін жеткізуді тапсырды. Экспортты дамыту мәселесі Үкімет отырысында талқыланған еді. Қазақстанның экспорттық географиясы 135 елге кеңейді. Азия елдеріне дайын өнімді жеткізу артты. Қазірде шикізаттық емес тауарлардың экспорттық позицияларының саны 60 мыңнан асып жығылады. Азық-түлік экспортына келсек, ұн, күнбағыс, сусындар жөнелту көлемі артып отыр. Бұл орайда шағын және орта бизнестің үлесі 80 пайызды құрады. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев отандық экспорттаушылардың мүддесін қорғау үшін логистиканы дамыту қолға алынып жатқанын айтты.“Қазақстан Теміржол” компаниясымен бірлесіп, бүкіл экспорттаушылардың мүдделерін қорғап, жаңа тәсілдер енгіздік. Кедендік және шекаралық кедергілер жою үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жол картасын әзірледі, – деді ол. Өз кезегінде үкімет басшысы құзырлы органдарға шикізаттық емес экспортты көлемін арттыруға басымдық беруді тапсырды.