Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЭКС-МИНИСТР ТҰРҒЫМБАЕВ ҰСТАЛДЫ

c 08:46, 02/05 c 61

0:00 / 0:00

Елді есеңгіреткен қаралы қаңтар оқиғасының орын алғанына екінші жыл болды. Қаңтарда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғандар, оған қатысы бар деп ұсталғандар бойынша тергеуге әлі нүкте қойылған жоқ. 238 адамның өмірін қиған қаңтар трагедиясына жауаптылар тиісті жазасын алып жатыр ма? ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды. Оның орынбасарлары да темір торға қамалды. Экс-президент Назарбаевтың немере інісі, ҰҚК төрағасының орынбасары болған Самат Әбіш 8 жылға шартты түрде сотталғаны мәлім. Енді сол кезде еліміздің ішкі істер министрі болған Ерлан Тұрғымбаев қаралы қаңтарға екі жыл толғанда ғана барып қолға түсіп отыр. Бас прокуратураның хабарлауынша, экс-министр Тұрғымбаев 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар бойынша лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану бабы бойынша жасалған қылмыстық іс шеңберінде күдікті болып отыр. Қадағалаушы орган Қылмыстық істе мемлекеттік құпия мәліметтер болуына байланысты соталды тергеп-тексерудің басқа деректер жарияланбайды-деп хабарлауда. Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев ұсталды деген ақпар ең алдымен әлеуметтік желіде таратды. Одан соң барып, бас прокуратура бұны растады. Алғашқылардың бірі болып бұл хабарды мәжіліс депутаты, заңгер Абзал Құспан да өз әлеуметтік желісінде бөліскен еді. Айта кету керек, қаңтар таргедиясынан соң жазықсыз қстадғандарды қорғап алуда Құспан басы-қасында жүрген еді. Депутат қаңтар оқиғасына қатысты тергеуге алынатын лауазымды тұлғалардың қатары Тұрғымбаевпен шектелмейді деп отыр.

Қазіргі кезде қаңтар оқиғасы бойынша қылмыстық істерді тергеу шаралары жалғасып жатыр. Қаңтар трагедиясы кезінде лауазымын асыр пайдаланды деп күдікке ілініп отырған Тұрғымбаевқа қатысты қозғалған іс ауры қылмыс түрі болып табылады. Депутат Құспанның айтуынша, тергеу барысында генералға тағылатын айып өзгеріп, аса ауыр қылмысқа ауысуы да мүмкін.

Бұған дейін, қазіргі ішкі істер министрі Ержан Сәденов журналистердің сұрағына жауабында құзыретті органдар бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев фигуранттың бірі ретінде қатысып жатқан қылмыстық істі тергеп жатқанын айтқанды. Генерал Ерлан Тұрғымбаев 2019- 2022 жылдары ішкі істер министрі болды. 2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін отставкаға кетті. Артынан президент кеңесшісі қызметіне тағайыналғанды. Алайда көпке ұзамай сол жылдың тамыз айында президент оны осы қызметінен де босатқан еді. Тұрғымбаевқа тағылған күдік тергеумен дәлелденіп, іс сотқа жетіп жатса, сот отырысы мемлекеттік құпия мәліметтер болғандықтан жабық өтуі мүмкін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.