Олардың ішінде бірде бір вакцина алмаған бала саны 300ден асып жығылады. Дәрігер мамандар тек биылғы жылдың он айының өзінде 102 ата-ана екпеден бас тартқандығын айтып дабыл қағуда. Себебі, вакцинация алмаудың соңы түрлі аурулардың асқынуына әкеліп соғып, соңы мүгедектікпен аяқталуы мүмкін дейді ақхалаттылар. Сондықтан да қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары енді үй-үйді аралап, тұрғындарды екпе алуға насихаттап, оның пайдалы тұстарын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дегенмен, ерікті емдік шараларды қабылдамаған ата-аналар өз түсініктерін алға тартып, екпе құрамы мен сапасы жөніндегі күмәндарын де жеткізуде.