сурет ашық дереккөздерден алынды
Орал қаласында 600-ден астам екпе салғызбаған дерек тіркеліп отыр. Сала мамандары жыл санап екпеден бас тартып жатқан жандардың қарасы көбеюде,- дейді. Мәселен, 2017 жылы қала бойынша 90-нан астам дерек болса, өткен 130-ға жуық осындай жағдай тіркелген. Азаматтардың дені екпені діни көзқарасына байланысты салғызбаса, енді бірі дәрі-дәрмекке сенім артпайды. Сол себепті сала мамандары ашық есік күнін ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын қолға алған. Облыс көлемі бойынша 1-ші сәуірден бастап, екпе салу басталған.