Облысымызда екпеден бас тартқан жандардың саны 1000-нан асып жығылды. Қала бойынша өткен жылдың бірінші кварталында 54 жағдай тіркелген. Биыл бұл көрсеткіш 41-і көрсетіп тұр.Сала мамандары екпеден бас тартқан ата-аналардың басым көпшілігі діни көзқарастың салдарынан бауыр еті баласына вакцина жасаудан бас тартып жатыр,- дейді. Сондай-ақ, екпеден бас тартқан ата-аналардың ішінде екпенің құрамына күдікпен қарайтындар да табылады. Бүгінгі таңда үгіт насихат жұмыстарының арқасында 11 ата-ана райынан қайтқан.